“Өтірік талай жерді өртейді”. Әншімен төсектес болған экс-әкім үн қатты
Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info
Шымкенттің бұрынғы әкімі өзіне қатысты даудан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Ғабидолла Әбдірахымов “Шындық шырылдап жетем дегенше, өтірік талай жерді өртейді”, деп жазған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әнші әрі актриса Динара Әлжанның Шымкенттің экс-әкіміне қатысты ел естімеген құпияны ашқаны қоғамда үлкен шу туғызды. “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында ол Ғабидолла Әбдірахымовпен төсектес болғанын және одан 70 мың доллар ақша мен бағалы сыйлықтар алғанын айтқан болатын. Желі қолданушылары экс-шенеуніктің бұл жазбасын атышулы сұхбатпен байланыстырған.
Айта кетейік, Болат Назарбаевтың тоқалының мәлімдемесінен кейін құқық қорғау органдары тарапынан әншіге қысым көрсетілгенін uaqyt.info бұған дейін жазды.