Friday, 17 May,2024

Отставкаға кеткен Бағдат Мусин әсерлі жазба қалдырды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылған Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар. Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі –  цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді. 2020 жылдан бері көп нәрсе жасалды және әлі де жасалады. Бүгінде Қазақстанды әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға болады. Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бөлістік. Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине – цифрлы мемлекеттік қызметтер. Сонымен қатар біздің прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілді және біздің елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік берді. Құрметпен, Бағдат Мусин”, – делінген жазбада.

Ұсынылатын