- Басты жаңалықтар
- Саясат
- “Өз еліме кіргізбей жатыр”. Мұхтар Тайжан шекарадан өте алмай тұрғанын айтты
“Өз еліме кіргізбей жатыр”. Мұхтар Тайжан шекарадан өте алмай тұрғанын айтты
Саясаткер Мұхтар Тайжан шекарадан өте алмай тұрғанын айтып әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Еуропа елдеріне саяхаттап қайтқан Мұхтар Тайжан өзін шекарадан өткізбей тұрғанын айтып Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды.
“Елге Қордайдан кірейін десем, шектеу тұр екен. Не үшін екені түсініксіз. Шекарашылардың айтуынша, ҰҚК маған шектеу қойыпты”, - деп жазды Мұхтар Тайжан.
Саясаткердің бұл жазбасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.
“Саяси қуғын-сүргін күні ұят болған екен”, “Өз азаматын шығармауды түсінем, жауаптан қашып кетпесін дейді, ал кіргізбеуге құқықтары бар ма? Сіз Қазақстан азаматысыз”, “Азаматтарға саяси қысым жасау тоқтатылсын. Әлем осы туралы білім отыр. Ұлтымызға ұят емес па”, “Неге елге кіргізбейсіңдер?”, - деп жазды желі қолданушылары.
Әзірге шекарада нақты не болғанына қатысты ведомство өкілдері жауап берген жоқ.