Friday, 20 September,2024

Өз-өзін атқан: Ақмола облысында студент суицид жасады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс студенті тәуліктік кезекшілік қызметі кезінде өзіне оқ атып, қаза тапты. Оқыс оқиға 13 ақпанда болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“13 ақпанда Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қорғаныс министрлігі басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады”, – делінген қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Әзірге студенттің неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын