Өз-өзіне қол салған сарбаз өлімі: Бес адам қызметінен босатылды
«Шөлдала» бекетінде сарбаз өлімінен кейін қызметтегі бес адам лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары – кадрлар басқармасының бастығы Ерік Беріков мәлімдеді. Естеріңізде болса, сарбаз былтыр тамыз айында суицид жасаған болатын.
«Бұл факт бойынша тергеу амалдары аяқталып, Шымкент гарнизоны бойынша әскери сотқа материалдар жіберілді. Қазір заң талаптарына сәйкес, тергеп-тексеру материалдарын жариялай алмаймын. Атқарып жатқан лауазымынан облыстық департаменттің басшысы, шекара басқармасының басшысы, застава басшысы, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі жауапты орынбасарлары босатылды», - деді Ерік Беріков.