Өзбекстанда сақал қойған ер адамдар жазаланып жатыр
Дәл осы бап бойынша бетін толық бүркеп жүретін әйелдер де жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жоғарғы соттың мәліметінше, бірнеше өңірде сақал қойған ер адамдар айыппұл арқалаған. Мұндай жағдай көбіне Джизак, Самарқан, Әндіжан және Ферғана облыстарында тіркелді.
Айта кету керек, 2023 жылы 31 қазанда қоғамдық орындарда медициналық көрсетілім негізінде жабылу немесе жол-көлік қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін киілетін арнайы бас киім киіп жүру жағдайларын қоспағанда, жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүретіндер үшін әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекске түзетулер туралы заң қабылданды.
Заңды бұзғандарға 10-нан 15-ке дейін ҚДБ (3,4 миллионнан 5,1 миллион сумға дейін) айыппұл салынады. Қазақстандық теңгеге шаққанда бұл 2 миллионға жуық қаражат.
Сот қаулыларының деректер базасында әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекстің184−4-бабында көрсетілген барлығы 789 іс бар.