Monday, 16 September,2024

Өзбекстанның ең бай адамдарының бірі Салим Абдувалиев Леонид Якубовичпен кездесті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өзбекстанның спорт күресі қауымдастығының президенті, Орта Азиядағы танымал азаматтардың бірі Салим Абдувалиев танымал тележүргізуші Леонид Якубовичті күтіп алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өзбекстанға келген ресейлік қонақтардың видеосын Салим Абдувалиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда «Поле чудес» телебағдарламасының тұрақты жүргізушісі және көркемдік жетекшісі Леонид Якубовичті көруге болады.

Видеода Салим Киргизбаевич Якубовичке мұражайындағы құнды заттар мен алған марапаттарын көрсетіп жатыр. Айта кетейік, Салим Абдувалиевтың дастарханында бұған дейін талай танымал тұлға қонақта болған.

Ұсынылатын