Saturday, 5 October,2024

Өздеріне жегізсе ғой: Қарасай ауданындағы мектептен тағы шу шықты

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде оқушыларға адам жегісі келмейтін тамақ беріліп келген. Ата-аналар әлеуметтік желіге кезекті бір видеоны жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Онда Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің асханасын көруге болады. Тексере келген ата-аналардың бірі оқушыларға берілетін тамақтың сапасына көңілі толмайтынын жеткізген. Видео авторының айтуынша, балаларға берілетін тамақ сол күйі желінбей, қоқысқа кетеді.

“Мына тамақтың күрішін көп, ал керісінше балығын тым аз қосқан. Тамақты жеу мүмкін емес. Балалардың да жемейтіні сондықтан. Өйткені дәмсіз. Тұзы да, дәмі де жоқ”, - дейді видео авторы.

Желі қолданушылары Қарасай ауданындағы былықты айтып, осы мәселеге облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің араласуын сұрап отыр. Әзірге әкімнің балаларға берілетін тамақтың сапасына қаншалықты көңіл аударатыны белгісіз.

Ұсынылатын