Saturday, 23 November,2024

"ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызметтік бабын асыра пайдаланды деген күдікпен "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бауыржан Мамбетсапаев"ӨзенМұнайГаз" АҚ-на өз таныстарын жұмысқа қабылдаған. Жұмысқа қабылдау ережесін өрсекел бұзғаны үшін оның үстінен тергеу амалдары басталды.

"Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Бауыржан Мамбетсапаевтың анық білгені тергеуде анықталды. Бауыржан Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 миллион теңгеден аса залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасудағы құқықтары өрескел бұзылуына әкеп соққан", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын