Sunday, 8 December,2024

"Өзің дуанасың, кімге пір боласың": Ақберен Елгезек Жазушылар Одағын арақтың бөтелкесіне теңеген Омар Жәлелді сынға алды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Ақын Ақберен Елгезек қазақтың бас биімін деген Омар Жәлелді сынға алды. Ол Жазушылар Одағын арақтың бөтелкесіне теңеген болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұған дейін Омар Жәлел өзінің әлеуметтік парақшасында елдегі ақын-жазушыларды сынға алып, жазушылар одағы арақтың бөтелкесіне теңеген. Тіпті ол зиялыларды еркіндікті білмейтін, шөлмектің ішінде қамалған шыбындар іспетті деп жазған.

"Менің бір алқаш досым бар. Сол айтады: маған алқаш болу үшін ешқандай алқаштар қоғамына мүше болуым қажет емес: отырам да ішем; алқаш болу үшін де қоғам керек пе?!  Сендерді түсінбеймін: қолдан қоғам жасап аласыңдар да өле-өлгенше сол қоғаммен әуре болып өтесіңдер. Тіпті бар ғой, күлкілі. Күлкілі болғанда, кейде шегім қатқанша күлетінім бар. Жақында естідім, жазушы болу үшін жазушылар одағына өтуің керек екен. Ой, ішегім-ай! Хэмингуей айтқан екен: олар бөтелкенің ішіндегі шыбындар сияқты. Олар өздерін еркіндіктеміз деп ойлайды, бірақ бөтелкенің ішінде екенін сезбейді. Таңертеңнен кешке дейін ызың-ызың", - дейді Омар Жәлел.

Көп ұзамай бұл жазбаға ақын Ақберен Елгезек жауап қатқан. Ол қазақтың бас биін дуанаға теңепті.

"Мынандайды мысал қып алып отырсаңыз, шаршаған екенсіз. Шаршау нені білдіреді, демек жұртқа айтып жүрген ақылыңыз - әлі шикілі-пісілі, нашар деген сөз. Адам өз ішіне  орнықпаған дүниені бар тарапқа тез шашам деп, тез таусылады. Алқашты мысалға алып, жазушыларға күлу - аса бір сәтсіз мысал. Өзіңіз де билер ұйымынан жұдырығыңызды түйіп, доқ көрсеткен талай видео тараттыңыз. Сонда сіздің кірген ұйымның артықшылығы неде?! Неге тәуелсіз би болып жүрмейсіз сонда?  Екі күннің бірінде ауызыңыздан авария боп жүргеніңіз анау! Өзің дуанасың, кімге пір боласың деген, қайтесіз жұртқа тиісіп", - дейді ақын.

Ұсынылатын