Friday, 18 October,2024

Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып, 30-дан астам адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото

Пәкістанда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 60-қа жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Reuters агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиға Синд провинциясының маңындағы Навабшах қаласының тұсында болған. Жолаушылары пойызы рельстен шығып, соның салдарынан 30-дан астам адам көз жұмды. Олар вагон ішінде қысылып қалған. Мамандардың айтуынша, апатқа әбден тозығы жеткен пойыз жолдары себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұсынылатын