Пәкістандағы жарылыстан 40-қа жуық адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Пәкістанда террорлық шабуылдан 35 адам қаза тапты. Жарылыс Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс елдің коалициялық Үкіметі серіктестерінің бірі Улем ислам қоғамының (JUI-F) конгресі өткізілген ғимаратта болған. Соның салдарынан 35 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды. Ауыр жараланғандар Пешавр қаласының ауруханасында жатыр.
Әзірге шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетейік, терактіні жалғыз адам жасаған. Ол бомбаны ғимаратқа алып кіріп, өзімен бірге жарып жіберген.