Saturday, 20 April,2024

Панкратионнан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған спортшылар рекордтық көрсеткішпен жеңіске жетті

Алмас Абылай
Фото

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен панкратионнан әлем чемпионатында қазақстандықтар 41 медаль қанжығалады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Панкратионнан әлем чемпионатында қазақстандық қыз-жігіттер топ жарды. 500-ден астам спортшы қатысқан жарыста ел намысын қорғаған азаматтар 41 медаль қанжығалаған. Оның 13-і алтын. Осылайша жалпы есепте ұлттық командамыз бірінші орынға ие болған.

Қазақстан тарихында бұл рекордтық көрсеткіш, тарихи жетістік.

Айта кетейік, әлем чемпионаты мамырдың 2-сі мен 4-і аралығында өтті.

Ұсынылатын