Saturday, 23 November,2024

Пара алды деген күдікпен Есік қаласының әкімі ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді”, - делінген мәліметте.

Күдікті кінәні толығымен мойындады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

 

 

Ұсынылатын