Thursday, 14 November,2024

"Параны жоюға болмайды": Желіде жемқорлық пен қазақтың біте қайнасқаны туралы бейнежазба талқыға түсті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Желіде қазақ парамен біте қайнасқан деген мағынада баяндама жасаған ер адамның бейнежазбасы тарады. Тіпті видеода ол параны жоюға болмайды дегенді алға тартқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда пара жайлы баяндама жасаған азамат қазақ пен жемқорлықтың біте қайнасқанына тоқталады. Тіпті оны жойса халық жағдайы қиындайтынына тоқталады.

"Параны жоюға болмайды. Ол керек нәрсе. Оны алып тастаса жастар оқуға түсе алмайды. Түскені сессия жаба алмайды. Жапқаны дұрыс жұмысқа тұра алмайды. Тіпті жемқорлық бүкіл салада бар. Өзіңіз парасыз қоғам елестете аласыз ба", - дейді ол.

Желідегі жұрт бұл жағдайды қатты талқыға алған. Басым бөлігі сөздің жаны бар екенін мойындауда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by UAQYT.INFO (@uaqyt.info)

Ұсынылатын