Thursday, 19 September,2024

Париж Олимпиадасында Демеу Жадыраев күміс медаль еншіледі

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында жапониялық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық балуан Демеу Жадыраев күміс алды.

Айта кетейік, Демеу алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жыққан. Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңген болатын. Жартылай финалында Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықтен жеңді.

Ұсынылатын