Sunday, 5 May,2024

Парламент Мәжілісінің 8-сайланымы депутаттары куәлік пен төс белгілерін алды

Алмас Абылай
Фото

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің 8-сайланымы депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Комиссия төрғасы Нұрлан Әбдіров жаңа сайланған депутаттарды құттықтаудан бастады. Ол 98 депутаттың халық даусымен сайланғанына тоқталып, жұмыстарына табыс тіледі.

«Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздердің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ретіндегі өкілеттіктеріңіз басталды. Сіздер осы сәттен бастап еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы – ҚР Парламентінің депутатысыздар. Баршаңызды халық қалаулылары атануларыңызбен құттықтаймын. Сіздерді азаматтар тікелей сайлады. Бұл бір жағынан сенімнің жоғары деңгейі және оған қоса халық алдындағы үлкен жаупкершілік екені сөзсіз», - деді ол.

Мұнан кейін Нұрлан Әбдіров жаңа сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен төс белгілерін тапсырды.

Ұсынылатын