Saturday, 23 November,2024

Павлодар автономия алған ба?! Облыс әкімдігі тағайындаған марапат көптің сынына қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

“Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін” марапаты ғаламторда қызу талқыға түсті. Көпшілік куәлікке тұтас Қазақстанның емес, тек Павлодар облысының картасын қойғандарды сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл мәселені танымал журналист Аслан Қаженов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда ол облыс әкімдігі тағайындаған марапаттың дизаинына көңілі толмайтынына тоқталған.

“Жігіттер, ешқашан, өтініш, ешқашан мынадай дизаин жасамаңдар. Өте ерсі көрінеді. Павлодар облысын бөліп алып, айналасының бәрін жоқ қылып жібергеннің мәні не? Не мақсат? Онсыз да бірер ай бұрын бөлінгісі келетіндердің дауы бұрқ етіп, әрең басылды емес пе? Әлі де мысықтілеу болып отырғандар қаншама. Солардың көзін қуантпай-ақ қояйықшы.

Салатын сурет жетеді ғой. Қазақстанның тұтас картасын қойсын не сол аймақтың эмблемасын белгілесін. Ту бар, елтаңба бар, тағысын тағы солай кете береді. Түсінем, егер облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына қатысты карта болып, ол белгілі бір жиындарда ғана қолданылса. Ал, бұл - марапат қағазы. Оны бәрі фотоға түсіреді, тарады, мақтанады. Соны біле тұра, неге осылай жасаймыз?, - деп жазды журналист.

Әзірге бұл марапаттың дизаинына қатысты Павлодар облысы әкімдігі жауап берген жоқ. 

Ұсынылатын