Павлодар облысы әкімінің орынбасары өз кабинетінде қыз зорлаған
Ғаламторда Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары өз кабинетінде қыз зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы журналист Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда шенеуніктің кабинетте қыз зорлағаны туралы айтылады.
“Павлодар облысының әкімдігінде үлкен шу. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өз кабинетінде қыз зорлаған деп жазады қоғам белсендісі Ермек Нарымбай.
Жәбірленуші қыз зам әкімді сотқа бергенді қойып, өзі сотталайын деп жатыр. Зам әкім болса ол қыз мені бопсалады деп полицияға арыз жазған. Облыс әкімдігінің ішінде, замәкімнің қабылдауына барып, зорландым деген қыз қазір үйқамақта.
Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мынандай хабарлама таратты.
"Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов ағымдағы жылдың 8 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста.
Біздегі ақпарат бойынша Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғұжиновтың өтінішіне сәйкес бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тарап - Серік Батырғожинов.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілді, айыпталушы тарап өзін қорғау үшін ұсынған фактілер тексерілді және расталмады. Бүгінде іс сотқа жіберілді. Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты процеске қатысушылардан алуға болады, өйткені, бұл жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік аймағынан тыс жеке іс".
Бұл іс бойынша сәл кешірек толық ақпаратты жариялайтын боламыз”, - деп жазды Оңғар Қабден.