Friday, 22 November,2024

Павлодар облысында 30-дан астам ауыл жарықсыз отыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қатты дауылдың салдарынан Павлодар облысында 33 ауыл әлі жарықсыз отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Павлодар облыстық ТЖ Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, табиғи апаттың салдарынан электр бағаналары құлап, бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кеткен. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Жалпы 183 ғимараттың шатыры ұшып кеткен. 117 елдімекенде электр энергиясы сөнді. Қазіргі уақытта оның 84-і қалпына келтірілсе, 33 ауыл әлі де бақылауда тұр”, — деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын