Sunday, 24 November,2024

Павлодар облысында әйел 2 баласымен Ертіс өзеніне батып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Павлодар облысында қайғылы жағдай. Әйел 2 баласымен өзенге батып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сүйенсек, оқиға 25 тамыз тіркеліпті. Жеңіл көліктегі әйел екі баласымен бірге өзенге түсіп, өз бетінше кері шыға алмаған.

Көп ұзамай төтеншеліктер олардың мәйітін судан сағат 22:53-те шығарып алды. Әйел - 1980 жылы туған, марқұм балалар - 6 және 9 жаста.

Оқиға орнында бес адам және екі техника жұмыс істеді.

Ұсынылатын