Monday, 20 May,2024

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті. Қайғылы оқиға 8 мамырда болған. Белгілі болғандай, капитан кеме палубасында тұрған кезінде суға құлап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиғаны Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

"8 мамыр күні сағат 23.25-те Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түсті. Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуір жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Оған су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны кедергі болып отыр. Ертең таң атысымен сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастырады", – деп хабарлады департамент өкілдері.

Ұсынылатын