Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі күлге айналды
Uaqyt.info

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жанып жатқан көлікті сөндіруге 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жүк көліктің неден өртенгені сараптамадан кейін белгілі болады.
«Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды», - делінген хабарламада.