Sunday, 24 November,2024

Павлодар облысында өрттен екі жасар қыз көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодар облысында жер үй өртеніп, соның салдарынан екі жасар қыз мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 тамызда Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылында болған. 80 шаршы метрді аумақты шарпыған қызыл жалын кішкентай қыздың да өмірін жалмады. Төтеншеліктер өрттің неден шыққанын тексеріп жатыр.

«Жергілікті уақытпен сағат 10:29-да жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына департаменттен 8 адам мен 2 техника жедел жетті. Тұрғын үйдегі өрттен 2019 жылғы бала бірінші, екінші дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды. Алайда, күйік шалған баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын