Павлодар облысында субұрқаққа шомылған 3 жасар қызды тоқ соқты
Uaqyt.info
Фото pixabay
Павлодар облысының Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қызды тоқ соғып, ол жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 3 маусымда болған. Субұрқаққа шомылып жүріп тоқ соққан қыз есінен танып қалыпты. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізгенде, қыздың жағдайы өте нашар болған.
Тіпті баланың өмірін арашалап қалуға санавициямен Павлодар қаласынан мамандар келген. Қазіргі таңда 3 жастағы қыздың беті бері қарады. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.