- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Павлодар облысында жасөспірім тереңдігі 3 метр су құбыры траншеясына құлап кетті
Павлодар облысында жасөспірім тереңдігі 3 метр су құбыры траншеясына құлап кетті
Алмас Абылай
Фото POLICE_KZ
Павлодар облысы Шарбақты ауданында 2015 жылы туға бала траншеяға құлады. Оқиға 2 күн бұрын болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полицияның хабарлауынша оқиға 30 мамыр күні болған. Кәмелет жасына толмаған бала тереңдігі шамамен 3 метр су құбыры траншеясына құлады. Жарақат алған ұлды Павлодар қаласының ауруханасына жатқызған.
Аталмыш факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Күдіктіге қатысты іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы - келу туралы міндеттеме қолданылды.