Saturday, 5 October,2024

Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының шұңғырына түсіп кеткен автобустағы адамдарды іздестіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ТЖМ мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Астана мен Павлодар облысынан иісшіл иттер жұмылдырылған. Алайда әзірге нәтиже жоқ. Мамандардың айтуынша, құтқару жұмыстарына жардың қайта-қайта  опырылуы кедергі болып жатыр. Қазір оқиға орнында облыс әкімі бастаған барлық шенділер жүр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында шұңғырға төрт адам мінген автобус құлаған болатын. Соның салдарынан екі адам қаза тапты. Әзірге қалғандар туралы ақпарат жоқ. іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Ұсынылатын