- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Павлодар облысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін оқыту семинары өтеді
Павлодар облысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін оқыту семинары өтеді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының ұйытқы болуымен Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында оқу-семинары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл шараның мақсаты – қатысушыларды кәсіпорынның қызметтік бағыттарымен кеңінен таныстыру, жол жөндеу жұмыстарындағы шешуші факторларды сараптау және тәжірибелік ұсыныстар енгізу.
Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, аймақтағы жол инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
– Бүгінгі шарада қатысушылардың сұрақтарына жауап беру арқылы қызметіміздің маңыздылығы мен пайдалы тұстарын атап өттік. Жоодың тегістігі, тығыздығы, беріктігі және сапасы арнайы зерттеу үшін заманауи жабдықтар пайдаланылады. Олардың бірі жылжымалы зертхана біздің облысымызға тиесілі. Жылжымалы зертхана арқылы біз жолдарға диагностика жүргіземіз. Сол арқылы жолдың техникалық жай-күйін бағаланып, оның күрделі, орташа немесе ағымдағы жөндеуді қажет ететінін анықталады., – деді өңірлік филиалдың инженері Қуат Нұрмағамбетов.
«Біздің мекеме үшін жолшылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тығыз әріптестік қарым-қатынаста болуы маңызды. Бұл ретте аталған оқу-семинарына аймақтағы барлық аудандар мен Павлодар қалалық әкімдіктерінің қызметкерлері , әсіресе облысымыздың түкпір түкпірінен келген ауылдық округ әкімдерінің белсене қатысуы қуантады, - деп зертхана меңгерушісі Виктория Бойко түсіндірді.