Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Астана-Павлодар тас жолының бойындағы жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz хабарлауынша, қайғылы жағдай 25 сәуірде сағат 15:30 шамасында болған. 47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысады.
Соның салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.