Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10 шақырымында 18 жасар ВАЗ-21703 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz жазуынша, қайғылы жағдай 13 маусымда болды. Жол апатынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.