Saturday, 23 November,2024

Павлодар қақпасы саналған Ленин ауылының аты қазақшаланбақ: Халық тойлауды бастап кетті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Павлодар облысындағы Ленин ауылы қазақшаланады. Тұрғындар бірауыздан атауын ауыстыруға дауыс берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ауыл тұрғындарының қазақша атауға қуанған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода халықтың қолдарына ту ұстап, ән шырқаған сәтін байқайсыз.

"Павлодардың тура түбінде, қаланың кіреберіс қақпасы саналатын Ленин кенті болатын. Бірнеше жыл бойы атын ауыстыра алмай келіп еді. Енді Ленин жоқ. Кіреберіс қақпа Атамекен! Халық тойлауды бастап кетті", - делінген бейнежазбаға.

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, мұндағы халық ауылды "Атамекен" атауына ауыстыруға бірауыздан дауыс берген. Құжат облыстық ономастикалық комиссия қарауына жіберіліпті. Егер онда оң шешім шықса Ленин атауы толықтай сызылады.

Ұсынылатын