Павлодарда 2 баланың анасын жарты жылдан бері таппай жатыр
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Павлодарда 2 баланы анасы жарты жыл бұрын жоғалып кеткен. Еркітілер содан бері 29 жасар келіншекті әлі күнге таба алмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
29 жастағы Арайлым Хаджаева Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан үйінен шыққаннан кейін, кері оралмапты. Содан бері жарты жылға жуық уақыт өткен.
VITA волонтерлері 2 баланың анасына байланысты нақты деректер таба алар емес. Тіпті сол кезден бері қала тұрғынынан еш хабар болмаған және байланысқа шықпаған.
Арайлым Хаджаеваның бойы – 160 см, көзі қоңыр, шашы қара. Сол жақ қолында тыртығы бар.
Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетіндер 102 қызметіне немесе 8 (747)615-55-63 Катерина, 8 (777)3348201 Светлана нөмірлеріне хабарласа алады.