Павлодарда 52 млн теңгеге орнатылған шырша құлап қалды
Павлодарда 52 миллион теңгеге орнатылған шырша құлап қалды. Қыруар қаржыға тұрғызылған шырша арқаның ақтүтек боранына төтеп бере алмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қираған шыршаны көруге қала әкімі Хасар Қабылбеков те келген. Қазіргі уақытта жұмысшылар темір құрастырманы бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, шыршаға 52 млн теңге жұмсаған әкімдік желі қолданушыларының сынына ұшыраған болатын.
“Павлодар қаласының орталық алаңындағы жаңа жылдық шырша қатты желдің салдарынан құлады. Құрылым құлаған кезде ешкім зардап шеккен жоқ.Ағаш бөлшектеліп, сақталады. Ағаштың негізгі құрылымы бұзылмаған, кейбір элементтері деформацияланған және қалпына келтірілетін болады. Шырша алдағы уақытта да қолданыла береді. Қала әкімі оқиға орнына барды”, – деді қала әкімдігі.