Friday, 22 November,2024

Павлодарда әйелін гантельмен ұрып, мүгедек қылған қаскөйге сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодарда әйелін гантельмен өлімші етіп сабаған ер адамға сот үкімі шықты. ол енді 9 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сот жасалған қылмыстың ауырлығын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ер адамға ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген соттың баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 2022 жылдың 3 маусымында болған еді. Бұрынғы әйелінің үйіне мас күйінде келген ер адам балалардың көзінше әйелді 8 келілілік гантельмен соққыға жыққан болатын. Артынан ол есінен танып, қансырап жатқан жәбірленушіні басқа бөлмеге апарып, өзі оқиға орнынан қашып кетеді. Құдай сақатағанда, өлім алдында жатқан әйелді дәрігерлер аман алып қалды. Бірақ ол мүгедек болып қалған.

 

 

Ұсынылатын