Saturday, 23 November,2024

Павлодарда анасы 7 жасар қызын ұрып өлтірді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда алған соққы әсерінен көз жұмған 7 жастағы Милана Давыдованың анасы өз қызын өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Uaqyt.info Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Ал оқиға орнында болған оның көңілдесі қылмысын  жартылай ғана растапты. «Қызды мен өлтірген жоқпын» деп ақталған ол жағдайға қатысты бірнеше дерек айтты.

Естеріңізге сала кетейік, қанды қылмыс былтыр қараша айында болған. Оқушы үйге келгенде пәтер ішінде оның анасы мен тағы бір азамат болған. «Көргенімді әкеме айтамын» деген қызды анасы бірнеше рет ұрып, есінен тандырған. Кейіннен екінші адаммен бірге баласын белдікпен қылқындырған. Ал демі үзілген бүлдіршіннің мәйіті үй ауласынан табылған.

– Қылмысымды жартылай ғана мойындаймын. Өйткені мен мәйітті жасыруға көмектестім.  Мен келген кезде бала өліп жатқан. Милананың анасы мәйітті алып шығып, жасыруға көмек сұрады, – деді сотталушы.

Ұсынылатын