Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған
Uaqyt.info
Фото
Павлодарда екі балаға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вацина салынған, деп хабарлайды Uaqyt.info EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Павлодар облысының прокуратурасы таратқан мәліметте 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны тиімсіз пайдалану фактілері анықталғаны айтылады.
Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.
Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды.