Monday, 20 May,2024

Павлодарда балаларға құрты бар тамақ берілген

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда мектеп асханасы ұсынған тамақтан құрт шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info ел.кз ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Арызданғандар көбейген соң, асхананы жалға алатын 5 кәсіпкер 1 млн теңге шамасында айыппұл төлейтін болды. Жұртшылықтың айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған.

Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар, тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

Ұсынылатын