Saturday, 23 November,2024

Павлодарда баланы ұрған тәрбиеші жұмысынан кетті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Павлодардағы балабақшалардың бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды. Онда балаға күш қолданған тәрбиешінің жұмыстан қуылып, ал мекеме басшысына тәртіптік шара қолданылғаны айтылған. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған видео қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Бейнежазбадан тәрбиешінің кішкентай баланы шапалақпен тартып жібергенін анық көруге болады.

“Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - делінген хабарламада.

Ұсынылатын