Saturday, 23 November,2024

Павлодарда бастауыш сыныптың оқушылары төбелесіп, бір бала ауруханаға түсті

Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда бастауыш сынып оқушылары арасында болған жаппай төбелес болып, соның салдарынан 4-сынып оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлердің мәліметінше, оқушылар арасындағы жаппай төбелес 13 наурызда болған. Соның салдарынан бір бала басынан жарақат алып, ауруханаға түсті. Бесіктен белі шықпай жатып төбелескендердің ісін енді мектеп профилактикалық кеңесінде қаралмақ.

Ал полицейлер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оның қасақана әрекет жасауына әкеп соққан барлық ата-ананы жауапқа тартты. Бұл бап бойынша олап айыппұл арқалап немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Ұсынылатын