Павлодарда бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті
Uaqyt.info
Фото
Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дәрігерлердің айтуынша, оқыс оқиға 14 наурызда болған. Биіктен құлаған бойжеткен қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жамбас сүйектері сынып, денсаулығына айтарлықтай зақым келген.
"Павлодар қаласы Дүйсенов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына төрт минуттың ішінде жетті", – делінген хабарламада.