Павлодарда екі баланы зорлаған мұғалімге сот үкімі шықты
Павлодар облысында кәмелетке толмаған екі қызды зорлаған жігіт 22 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Белгілі болғандай, 2023 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот талқылауында кәмелетке толмаған Б. мен жәбірленуші жас баланы күш қолдану арқылы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Прокурор айыпталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер жаза тағайындау бөлігінде мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады. Сотталушы А. кінәні мойындамады, соттан оны ақтауды сұрады. А.-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Заңмен жасалған әрекет үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза көзделген. "Соттылығының және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен 22 жылға бас бостандығынан айыру жасазын тағайындады", - делінген соттың хабарламасында.
Сондай-ақ, А. өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп жазды Smart News.