Friday, 22 November,2024

Павлодарда енесін зорлады деп айыпталған 54 жастағы ер адам сотталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Павлодардағы №2 сотта енесін зорлады деп айыпталған ер адам сотталды. 54 жастағы азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Pavlodarnews.kz сайтындағы дерекке сүйенсек, ер адамға жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет зорлады деген айып тағылған. Осылайша прокурор сотта оған 10 жыл мерзімге жаза сұрады. Бірақ сот ер адамды 8 жылға түрмеге жапты.

Десе де ер адам кінәсін мойындаған жоқ.

Сонымен қатар сотталушы жәбірленушіге моральды-материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ұсынылатын