Павлодарда ер адам 66 жастағы анасын ұрып өлтірді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Павлодарда пәтерлердің бірінде 66 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Полиция ұлын қылмыс жасады деп күдікке іліп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Павлодардағы жантүршігерлік жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда Лермонттов көшесіндегі пәтердің бірінде ұлы анасын қинап өлтіргені жазылған.
Көп ұзамай деректі полиция растады.
"Лермонтов көшесіндегі пәтерде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлім белгілері бар 66 жастағы қожайынның мәйітін табу фактісіне қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деп күдіктелуде. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.