Saturday, 23 November,2024

Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісін тонап кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Облыс орталығында пәтер ұрлығы болды. Күдікті ретінде полицейлер 50 жастағы павлодарлықты ұстады. Ер адам бұрын осы қаланың тұрғынымен бірге тұрғаны және оның пәтерінің кілттері болғандығы анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

 – Бір күні бұрынғы сүйіктісі жұмыста екеніне көз жеткізіп, ол пәтерге кіріп, күзен пальтосын және ломбардқа тапсырып үлгерген екі жұп алтын сырғаларын ұрлап кеткен. Сондай-ақ бір бөтелке шотланд вискиін ұрлаған. Залал сомасы 1 млн теңгеден асты, – дейді Павлодар облысы ПД.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты “кетпеу туралы жазылу” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, заттай дәлелдемелер алынды.

Полиция ер адамның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Ұсынылатын