Saturday, 5 October,2024

Павлодарда ер адам інісін, азаматтық некедегі әйелі және оның кішкентай қызын өртеп жіберді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда 25 жастағы ер адам төрт жастағы інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, мәйіттерін өртеп жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша, қаскөй алдымен 1 жасар қызды ұйқысынан оятқаны үшін өлтіреді.

Кейіннен полицияға хабарламақ болған әйелді  тұншықтырып, артынан 4 жасар інісін де буындырып тастаған.

Қылмысын жасырмақ болған ол үйге өрт қойып, өзі терезеден сыртқа қашып шыққан.

Сотталушы үш адамның өмірін қиғаны үшін өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін. Әзірге ол өз қылмысын мойындап отырған жоқ.

Ұсынылатын