Saturday, 5 October,2024

Павлодарда ер адам көшеде халықты пышақпен қорқытты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Павлодарда ер адамның көшеде пышақпен жүрген бейнежазбасы тарады. Тіпті жұрт оның бұл әрекетінен шошынып қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ер адамның пышақпен жүрген бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оны тұрғындардың бірі жолаушылар автобусында отырған сәтінде түсіріп алған.

Кейіннен бұл жағдайға байланысты полиция түсініктеме берді. Дерекке сүйенсек, ол мас күйде болған.

"6 мамырда Павлодар қаласының полициясына Академик Сатпаев көшесіндегі сауда үйдің жанында ер адам пышақпен жүр деген хабарлама келіп түсті. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді. Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізді. Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болған", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, полиция ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын