Friday, 20 September,2024

Павлодарда көрші үйдің септигінен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Павлодар облысындағы Мойылды кентінде 4 жасар баланың мәйіті табылды. Бүлдіршіннің өлі денесі септиктен алынған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылған. Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлапты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

Ұсынылатын