Saturday, 5 October,2024

Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімге пышақ ұрды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда 12 мамырда оқушы сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты қала әкімі Хасар Қабылбеков арнайы жиын өткізді. Әкім мектептнерде қауіпсіздік шараларын жүргізу мақсатында кешенде жұмыстар жүргізілетінін айтты.

“Бүгінгі №14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім. Павлодар мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиналыс өткізбекпін. Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешенін келісіп, жедел жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс”, - деді ол.

Ұсынылатын