Thursday, 19 September,2024

Павлодарда оқушылар ішетін тамақтан құрт шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодардың Мұхтар Әуезов атындағы мектептің асханасы тексеріліп жатыр. Балалар ішетін тамақтан құрт табылғаны жұрттың жағасын ұстатқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп асханасындағы азық-түліктер мен жеміс-жидектер тексеріліп жатыр. Ал мектеп директорына сөгіс жарияланған.

“Бүгін мектеп асханасындағы ботқадан жеміс құрты табылған. Әкімшілік дереу азық-түлікті толық тексерді. Дәл құрт табылған күні асханада алма сатылған. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хат жолданды. Бүгін осы факт бойынша тексеріс жүргізеді. Мектеп директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын