Thursday, 14 November,2024

Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысы қалай жазаланады?

Uaqyt.info
Фото

Павлодарда сабақ кезінде студентін соққыға жыққан ұстазға қатысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған видео көпті тіксінткен еді. Ол жерде ұстаздың сабақ үстінде стуентке қол көтергенін байқауға болады. Қоғамда туындаған резонанстан кейін бе, Оқу-ағарту министрлігі оқытушының жұмыстан шығарылғанын жеткізді. Ал полиция жуан жұдырықты ұстаздың үстінен әкімшілік іс қозғаған.

«29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.

 

 

Ұсынылатын